Шие ағашы және мен – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Шие ағашы және мен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 517
Ақ ұлпа гүлдер ең, жап-жаңа бүрлеген,
Желдерден қорғай алмадым.
Үлбіреп ақ сезім кеудеме кірген ең,
Өзіңе пана болмадым.

Мұңайма бірақ сен гүлдер төгілгенмен,
Моншаққа қойның толады.
Ақ сезім ұшқан соң қалары тек менде,
Сарғайған жүрек жаралы.

Тұрады бірақ та сенің әлемің,
Қып-қызыл, аппақ түстерден.
Бітпейтің керуен сағыныштармен,
Күмбірге толы құс кеудем.

Айналып сені де күтеді иең,
Жапырағыңды бақылап.
Ұната тұра сезімді үркіткен,
Бір жанды білем ақымақ.

Оралмайды енді ақ сезім қайта,
Мың жерден кінә тақтың не?
Мамырда ашылған гүлдің еркесі,
Айналғым келді ақ гүлге…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шие ағашы және мен өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Шие ағашы және мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шие ағашы және мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шие ағашы және мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері