Дәл мендей өзге сүйе алмас – Медеу Демеу

Бұл бетте «Дәл мендей өзге сүйе алмас» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 5709
Сөзіме, гүлім, таңданба, бүгін таңданба,
Махаббат сыр ма, бақыт па біткен маңдайға.
Ғашық боп біздер таныстық дейміз көпіріп,
Сол күннің дәмі қалмапты-ау бүгін таңдайда.

Айтылды сөздер қайталап жүрек жазбайды,
Махаббат білсең әкелмес жанға аз қайғы.
Есейген сайын есіңе түсіп жастығың,
Жүрегің тулап, кеудеңді бұза жаздайды.

Жан бар ма, айтшы, есігін бақыт қақпаған,
Аша алмай көбі жүректің кілтін таппаған.
Күнәңді кешкен сезбейсің топтың ішінде,
Түсінер бәрін жалғыз боп қалған шақта адам.

Кешігіп бәрін, бағалап жүрміз кешігіп,
Үміттің жібі ұзармай жолда кесіліп.
Дәл мендей өзге түсіне білсе жаныңды,
Түсіне алмаса ол жанның саған несі ұлық.

Күні ертең, жаным, алысқа мен де жол жүрем,
Қимаймын, қайтем, бәріне соның көндігем.
Самал боп желпіп өтейін,қалқам,келші бір,
Мен үшін мәңгі жауқазын сынды сен гүл ең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәл мендей өзге сүйе алмас өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Дәл мендей өзге сүйе алмас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәл мендей өзге сүйе алмас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәл мендей өзге сүйе алмас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері