Қалқам сені сағындым, сағынармын – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Қалқам сені сағындым, сағынармын» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1206
Қалқам сені сағындым, сағынармын,
Жеткізбеді бір саған жарымар күн.
Әлі жүр ме мойныңда мен сыйлаған,
Алтын – жүрек, кішкентай тары «қарғың»?
Өкісігімді баса алмай дөңгеледім,
Көңілімде сен – жұлдыз, сөнбеп едің.
Ақмоланың аязы ақымақтау,
Мен де ақымақ, ақпанда сенделемін.
Жүрегіме қайтейін құса батты,
Тағдыр мені тәлкекпен тұсап апты.
Кете алмаймын, өзіңе жете алмаймын,
Қайғы басса аққу да ұшамапты.
Мұңым жатыр кеудемде мелдектеген,
Бұл өмірде сенделіп, «сен» деп келем.
Мені бәлкім ұмыттың баяғыда,
Көкірекке кетпестей көң кептеген.
Қалқам, сені, сағындым аңсап, талып,
Әңгіме айтар іш пысса ел сан-саққа алып.
Қара көзің – мөлідей мөлдірейді,
Сол мөлдірлік – жанымды жамсатқан, ұқ.
Қалай ғана сағынбай тына қалам?
Мылқаудай ғып мәңгіртті мына ғалам.
Ауады да аңсарым,
Алып-ұшып,
... Аласұрып күн кешер –
Шыдам, Адам ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалқам сені сағындым, сағынармын өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қалқам сені сағындым, сағынармын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалқам сені сағындым, сағынармын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалқам сені сағындым, сағынармын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері