Бір кездегі шаруаның құралдары
Бұл бетте «Бір кездегі шаруаның құралдары» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір кездегі шаруаның құралдары
Автоматты бүгінде,
Бұрандалы.
Құрыш етін құлақтың жегеннен соң
Көршіміздің гуілдек крандары;
Ортасынан кеткенде өмір ауып,
Қырдың гүлін аңсаған омырауы
Түз ұлына шаншудай қадалған соң
Тыз-тыз еткен электр қоңырауы;
Атқан кезде алаулы лала таңдар
Аттың жалын аңсай ма алақандар?
Жей берген соң жүйкені
Жиі-жиі
Шырылдаған шыжбақай телефондар;
Артқа тастап қаланың қуған үнін,
Ауылға біз барып ек тұрған інім,
Ұйықтай алмай қор болды тыныштықта
Аэродром түбінде туған ұлым!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі