Қала менің тұғырымдай
Бұл бетте «Қала менің тұғырымдай» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қала менің тұғырымдай,
Тағымдай.
Дала бірақ қол бұлғайды сағымдай.
Шопан ұлы,
Жылқышы ұлы,
Қайтесің —
Төрт түлікті тұра алмайды сағынбай.
Қала менің тұғырымдай,
Тағымдай.
Дала бірақ қол бұлғайды сағымдай.
Диқан ұлы,
Қырман ұлы —
Қайтесің!—
Көк егінді тұра алмайды сағынбай!
Қалада мен тындырсам да көп істі,
Ұмыта алман
Дала деген қонысты...
Минскіде ауласына —
Гүл екпей —
Бидай еккен
Түсінем мен Коласты!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі