Басталғандай қайтадан құмар айым
Бұл бетте «Басталғандай қайтадан құмар айым» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басталғандай қайтадан құмар айым
Дөңгеленіп далада туар айым.
Киіз үйдің іргесін түріп тастап,
Көкжиекке көзімді суарайын!
Жұпарменен жұптасып өлең демі,
Іші күйсін тірліктің төмендегі.
Желідегі сезімді ағытайын,
Босатайын ойымды көгендегі!
Қырды аңсаған қазақтың көп ағасы,
Қай үйден де табылар қонақасы.
Қондырайын қиялды қиясына,
Сыпырайын шабыттық томағасын!
Деп ойлаймын оңаша дара кетіп,
Дала құмар жанымды жаралы етіп.
Терезеден телмірген үй гүліндей
Өмір бірақ қалада барады өтіп!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі