Дәретхана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Дәретхана» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1778
Аңдап қарашы,
Қай қазақтың баласы
Дәретхана іздеп сенделген?
Жетіп жатыр даласы.
Осындай түсінікпен
Қалаға барғаным-ай.
Дәреттен қысылып мен,
Ұятқа қалғаным-ай.
Ары-бері жүгіріп,
Әр қораға үңіліп,
Өлдім-талдым дегенде,
Жеттім-ау біріне сүрініп.
Ақталды-ау деп еңбегім,
Сол еді кіре бергенім,
Қарсы алдымнан көлденең
Тұра қалғаны бір жеңгенің,
Естідім былай дегенін:
«Қырық теңге бересің,
Сонда ғана енесің.
Көрініп тұр, бауырым,
Мәдениетті емесің».
Алғаш сасып қалдым,
Ауызымды ашып қалдым.
Амал жоқ, беріп тиынды,
Ішке кіріп кеттім.
«Сонда, бұл кімге тиімді?» –
Деп ойлана жүріп кеттім.
Қалтада жоқ тиыны
Балаға оңай тие ме?
Сол емес пе қиыны –
Далаға жолай сие ме?
* * *
Әдетте,
Отыру үшін дәретке,
Тиын төлеу әдеп пе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәретхана өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Дәретхана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәретхана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәретхана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері