Ажар - комсомол

Бұл бетте «Ажар - комсомол» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2799
Бүгін Ажар гүл-гүл жанад,
Екі беттен нұры тамад,
Клуб сыймай лық-лық толып,
Әйел біткен масаттанад.
Басшылары комсомолка,
Шеше, жеңге бәрі де ерке,
Қызыл туды көлбеңдетіп,
Топ-топ әйел басқан бірге.
Клара Цеткин біздің дана,
Крупская - ардақты ана,
«Әйел күні жасасын!» деп,
Жазып қойған туға және.
Сағат ертеңгі он да болды,
Клуб сыймай лық-лық толды.
Бір-біріне айтад әйел:
- Ажар келді, Ажар келді.
Көп көруге түйілгендей.
Әйел біткен сүйінгендей,
Ажар сонша кім еді ол,
Жиылысқа өң бергендей.
Ал ендеше кідіре тұр,
Мен айтайын мойныңды бұр.
Ажар қалай Ажар болды,
Бастан-аяқ тыңдап отыр.
Ауылда жас жүріп Ажар,
Көп кемшілік көріп Ажар,
«Оқысам» деп арман қылды
Басқаларды көріп Ажар.
Мұғалімге өзі барып,
Шоқпыт киім боршаланып,
Бақай жылт-жылт, бөрік быт-шыт,
Екі беті қыз-қыз жанып.
Мұғалім де таңсық көрді,
- Кел, қарағым, отыр,- деді.-
Heгe келдің, кім жіберді,
He керек?- деп сұрау берді.
«Әкем кедей, шешем өлген,
Ісім оқу іздеп келген,
Ауылнайға айтса да әкем,
Жасы үлкен деп жібермеген».
Тілек оңды, оқуға алды,
Бет нұрланды, шын қуанды,
Әке, оқуға алындым деп,
Ажар күліп шамдай жанды.
Қуанды да Ажар қайнап,
Бұрылмайды беталды ойнап.
Сабақтастан Ажар озды,
Ұқпағанын сұрайды ойлап.
Ажар болды пионерка,
Бота-боздақ өмірге ерке,
Талабы зор болғандықтан,
Домалады тасы да өрге.
Ажар ұшты, судай тасып,
Тең-құрбыдан жөнелді асып,
Ажар болды комсомолка,
Жұртшылыққпен араласып.
Ажар неге келдің мұнда,
Әйелдер шат тағы да онда.
Жеті жылдық мектепте оқид,
Ажар қазір фабрикада.
Ажар фабрик директоры,
Шын сенімді қызметкері,
Жалпы еңбекші, әйелдердің,
Жетекшісі, ол - қамқоры.
Еңбекші әйел қосып бәрін,
Алып барып жабдықтарын,
Тәрбиелеп шын жүрекпен,
Салып барлық ынталарын.
Міне, біздің комсомолка,
Біздің қуат біздің ерке,
Үлгі алыңдар енді Ажардан,
Әйел тобын бастап өрге.
Ажар әне гүл-гүл жанад,
Екі беттен шаттық тамад,
Клуб сыймай лық-лық толып,
Әйел біткен масаттанад.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ажар - комсомол өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Ажар - комсомол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ажар - комсомол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ажар - комсомол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері