Сосын – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Сосын» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сосын, айтармын...
Сосын, барармын...
Сосын, сыйлармын сол гүліңді.
Сосын, емделем...
Сосын, жөнделем...
Көңілге келмей тұр ол бүгінгі...
Туысқа сосын ақ барармын,
Алдымда, асуын алар күн.
Анамның көңілі баяғы,
Кейіндеу қоңырау шалармын...

Ертеңге, ерітіп күніңді,
Уақытың сусыды бүгінгі.
Түздегі түзелер тірлігің,
"Сосынның" жолына ілінді.

Кейінге қалдырдың күйіңді,
Бұғаттар бұлқынып түйілді.
Балаңа сүйсініп тұрсаң да,
Сезімге суалттың үйіңді.

Келесі күніңе сенетін,
Көзіңді "күпірлік" көметін.
Сүйсең де тартынып тұрасың,
Сәттерде сезімді төгетін.

Шешімді шығарып бүйірден,
"Сосынмен" өмірің күйінген.
Жаныңның құмары қанбайды,
Жұмыс пен дәулеттен үйілген.

"Сосын" деп өткізген жылдарың,
Жүрекке салады "сұр дағын"
Қазір сүй анаңның жаулығын,
Сағынып, күтетін ұлдарын.

"Сосын" деп сосынға жүгінбе,
Өткенге өкінбе, бүгілме.
Ертеңнен күтетін еселі,
Бақыттың бөлшегі - бүгінде...

#жүректегіжазбалар Алтынай Алиева
9.07.2020


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сосын өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Сосын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сосын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алтынай Алиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сосын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері