Өзім үшін – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Өзім үшін» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.12.2015
  • 0
  • 5
  • 32256
Жылату көп, көңілді жұбату жоқ,
Қалай жүрсең күйесің, бәрі бір от.
Лаулап жанған арманның ұшқынынан,
Жүрегімде тұтанып жайнады шок.
Талаптанам өмірдің нұрын көріп,
"Күмәнсіз" келешекке адал сеніп.
Өмірімді ойланумен өткізермін,
Амал не, жүрек гүлі қалса семіп!
Адам боп дүниеде жаратылдым,
Мылқау емен надан боп қалатұғын.
Талабым зор, жүректе шырағым бар,
Өмірден оз үлесін алатұғын.
Біреу айтады:
"Ардақты боламын", - деп,
Әр адамның өзінше мақсаты көп.
Өріне өмір шіркін кім шығарын,
Дамылсыз миды қажып ойланам тек.
Өзім үшін от жағып, өзім күйем,
Өз ісімді өзгеден артық сүйем.
Ой топас, санам керең болса егер,
Әлекке сап жүректі неге тием?
Өзім үшін өмірге келгенмін мен,
Хабар күтем келешек үмітімнен.
Мен де адам, менің де сезімім бар,
Жат алдында жабырқар қай жерім кем?
Өзім үшін жылаймын, күлемін де,
Өзім үшін шаттанып жүремін де.
Өзім үшін тіршілік оты сөніп,
Суық көрпе ішіне кіремін де.
Дерт суын сылқып жұтқан мешкей ішім,
Жиналмай быт-шыт болған бойда күшім.
Өз тәнім өз қолымда, өз жүрегім,
Не етсем де жарайды өзім үшін.


Пікірлер (5)

Аяулым

Оте адеми олен))) B-)

Меруерт

Қатты ұнады

Сара

Өте күшті өлең екен!!

Каусар

Пах-шіркін Мұқағалидің барлық өлеңі ғажап қой.

Айадил

Оте узак екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзім үшін өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Өзім үшін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзім үшін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзім үшін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері