Сен ұқтырдың – Медеу Демеу

Бұл бетте «Сен ұқтырдың» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 4870
Мен бүгін ашулымын ашынғасын,
Ойым жоқ сенен өзге басымда шын.
Мейлі, сен не десең де ... Анық бірақ,
Өзіңді құшып-сүймей басылмасым.

Сен маған жасын болдың көктемдегі,
Қақ жарған жүрегіммен от кеудемді.
Бағым ба, қасіретім бе кезіктірген,
Бұрын соң қиялымда жоқ пендені.

Содан соң күйіп-жанып алауладым,
Ұмыттым ай, күн барын, самал барын.
Әйтеуір, алай-дүлей сол сезімнен,
Жаныма бір тыныштық таба алмадым.

Кезім жоқ сені ойламай көзімді ілген,
Сені аңсап елжіредім, егілдім мен.
Ризамын тағдырыма сен арқылы,
Махаббат деген күшті сезіндірген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен ұқтырдың өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Сен ұқтырдың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен ұқтырдың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен ұқтырдың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері