Өзгенің керегі жоқ – Медеу Демеу

Бұл бетте «Өзгенің керегі жоқ» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.05.2016
  • 0
  • 0
  • 3744
Махаббатта бітіспес майдан бір шың,
Тілгілеген жанымды пайдаң құрысын.
Қасіретіңнен қан жұтып қамықсам сан,
Сенен басқа оны өзге қайдан білсін?!

Жанарыңнан көрмеймін қызғанұшқын,
Бөгеті ме, әлде бұл, бізге алыстың.
Сезесің бе, бұл күнде жүрегімде,
Иттері ұлып жатқанын қызғаныштың.

Сыртым бүтін болғанмен ішім масаң.
Көргенім жоқ өзіңнен мүсінді асар.
Күндіз жүрсең ойымда, ал түндерде,
Мазалайсың,жарқыным, түсімде сен.

Түсін, мейлі, сен мені түсінбегін,
Қазандай бір қайнайды ішімде мұң.
Сені қайдам, әйтеуір мен өзіңе,
Ешқашанда көлеңке түсірмедім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзгенің керегі жоқ өлеңінің авторы кім?

Медеу Демеу — осы өлеңнің авторы.

Өзгенің керегі жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзгенің керегі жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Медеу Демеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзгенің керегі жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері