Сен кейде қырын қарайсың

Бұл бетте «Сен кейде қырын қарайсың» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2564
Сен кейде қырын қарайсың,
Мен кейде қырын қараймын
Біреумізге орын жоқтай-ақ
Ішінде зәулім сарайдың.
Бетпе-бет келіп өзіңмен,
Майданды талай сезінгем.
Сойылмен соғыспағанмен,
Қағыстық талай әзілмен.
Кейбіреу соны байқап қап,
Тура келуге тайғақтап,
Жүреді бізді
Өзара
Ылғи да сырттай айтақтап.
Болса да тіпті жүз егес,
Айғырдың жалын күземес.
Айтыса кетер сөзге еріп,
Ақылсыз қазақ біз емес!
Аузымыз тиіп жыр-аққа,
Қалдырдық жылды жырақта.
Келеміз тату,
Өзара
Жағаласпай-ақ!
Бірақ та...
Саған да қиын озбаған,
Маған да қиын озбаған.
Пенделік жасап,
Нашарлау
Жырыңды көрсем мәз болам!
Отырып егіз пыраққа,
Жақындап жүрміз мұратқа.
Оқысам жақсы жырыңды
«Жігітсің!» деймін бірақ та!
Тұлғасың сен де,
Ірісің.
Аз арғымақтардың бірісің.
Сен болмасаң ғой,
Менің де
Мандымас еді жүрісім!
Зымырап-зулап мен қатты,
Жүйріктер түзді шаңдатты.
Мен болмасам ғой
Бәйгеде
Қамшыламас едің сен де атты!
Көлденең тұяқ өткізбей
Жүйткитін жүйрік жоқ біздей.
Алдыма түссең сен кейде,
Мен кейде жүрем жеткізбей.
Ондайда
Пай-пай!
Дүлеймін.
Әр өлең сайын түлеймін.
Самғап сен келе жатқанда
Сүрінбегеніңді тілеймін!
Біз алмайтын да қамал жоқ.
Батыраштарда амал жоқ!
Аясаң мені аман бол!
Жалғыз шапқаннан жаман жоқ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен кейде қырын қарайсың өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сен кейде қырын қарайсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен кейде қырын қарайсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен кейде қырын қарайсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері