Жұмбақ күшік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жұмбақ күшік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2623
Көзін ашып алды да,
Қарады Алдан алдына.
Бір шалшыққа құлапты,
Ұзынынан сұлапты.
Етпетінен түсіпті,
Жарқырата құсыпты.
Жалап жатқан құсықты
Көрді-дағы Күшікті,
Өткен істі бастағы
Есіне ала бастады:
«Айлық алған күн еді,
Қасымдағы кім еді?
Әлгі... әлгі... жықпыл бет,
Жылмаңдаған Жұтқынбек.
Асханаға барғанбыз,
Керегінше алғанбыз.
Арақ іштім – құсыппын,
Шарап іштім – құсыппын.
Үйрек жедім – құсыппын,
Бүйрек жедім – құсыппын.
Ал мына бір Күшікті,
Күшік емес – түсікті
Жеген едім несіне?
Түспей-ақ тұр есіме.
Әлде осы Күшікпен
Кеше бірге ішіп пе ем?»...
Алдан отыр қайран боп,
Ақылы дал айран боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақ күшік өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жұмбақ күшік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмбақ күшік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмбақ күшік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері