Бір досыма – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бір досыма» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1584
Қырыққа келмей,
Ырыққа көнбей,
Есірген есер шағыңда,
Күлдің-ау балқып,
Жүрдің-ау шалқып,
Сұқсырдай сүңгіп сағымға.
Көзіңді сүзіп,
Сөзіңді үзіп,
Сұлуды көрсең сүйініп,
Гүлдерді әппақ
Үлгердің мақтап,
Жүрегің тулап, жиі ұрып.
Сақалың шығып,
Атағың шығып,
Келгеннен кейін қырыққа,
Ойыннан ықтап,
Мойыннан мықтап
Іліндің білем құрыққа.
Өзіңнен биік,
Сезімнен тыйып,
Балақтан тартып балаң да,
Қобарып денең,
Жазбақ боп өлең,
Жармастың қағаз, қаламға.
Өтімді қыздар
Секілді ызғар,
Жанына жақын жолатпай,
Ақылың жеңіп,
Батылың кеміп,
Қайтыпты күшің болаттай.
Ендігі күшің,
Ерлігің – ісің,
Өзіңде, ойлы көзіңде.
Көндіре алсаң,
Өндіре алсаң,
Сиқырлы сұлу сөзіңде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір досыма өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бір досыма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір досыма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір досыма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері