Тарақ

Бұл бетте «Тарақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2148
Баласының шашы үшін анасы
Сатып алды Тарақты.
Қолынан еш тастамастан баласы,
Ойыншық қып үйренді алғаш сабақты:
Бұйра шашын алтынды,
Елтірідей жалқынды,
Секілді бір майда кендір жібегі,
Сол Тарақпен тарады ол үнемі.
Қандай Тарақ? Шашқа тіпті ыңғайлы,
Бір талын да жұлмайды.
Жеңіл тарап тұрды барлық кездері,
Күлімдеді балақайдың көздері.
Бірде бала Тарағынан қағылды,
Содан кейін ойынға кеп салынды.
Шашы ұйысты баланың,
Жылады ол қолы тисе ананың:
«Қайда – деп, – өз Тарағым?»
Тарақ қайта табылды.
Бірақ, енді батпады ол басына,
Зорлық түсті шашына.
«Неткен зұлым Тарақ едің оңбаған!» –
Деді бала сонда оған.
Тарақ айтты: «Сол күйдемін мен әлі,
Сенің ұйпа басың бұған кінәлі».
Бірақ, бала білмей істің терісін,
Лақтырды оны өзенге;
Жатыр енді таранып су перісі.
* * *
Көргем барлық кезеңде,
Шындықты да тап осылай пұлдайды.
Ары таза адамға
Шындық сұлу әманда,
Оны ел құптап, тыңдайды:
Ал, жаныңа кір жұқса,
Алыстайды шындық та:
Басқалар да баладай, батылдыққа бара алмас,
Ұйысқан шаш таралмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тарақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тарақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тарақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тарақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері