Кейде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кейде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1544
Жұрттың бәрі жексұрын –
ер жігіті, таң қызы.
Жақтырмаймын ешбірін,
мені ұқпайды жалғызы.
Елең етіп әр үнге,
қимылымнан сыр аңдып,
сезім емес,
бәрінде
жай бір көрсеқызарлық.
Ортақ емес мұң, жаным –
жасы да алшақ, жат халық:
отырған боп сырларын
маған ғана ақтарып.
Күдіктенем, бал ашам,-
неге маған келеді?
Бір пайдаға жарасам,
сол оларға керегі?
Көрер көзге – бәрі әсем,
балғын жасты сынар кім?
Тумай жатып, қара сен,
пайдашылын бұлардың!
Сөз-бөкпенмен алдадым
мен де бәрін,
саспадым.
Өзім, үйім бар қамым,
керегі жоқ басқаның!
1985


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейде өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Кейде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері