Адамға Ар – таразы əлімсақтан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Адамға Ар – таразы əлімсақтан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 602
Адамға Ар – таразы əлімсақтан.
Жазадан жалт бере алмас жанын сатқан.
Нəмəртқа,
Не айла бар намақұлға,
Адалдың асын ішіп, нанын соққан?
Не пайда қаусырғаннан қамыс көлді,
Жасырса Жолбарысты, Арыстанды?
Арсыздың ауызынан шыққан бір сөз
Ажалсыз өлтірмей ме намысты ерді?
Қасиет бойдан қашып,
Ырық кеміп,
Ұртоқпақ үнімізден үрікті Елік...
Керісіп,
Кері кетіп жүрміз неге
Келісіп,
Күнде кеңес құрып келіп?
Дей жүріп: «Бірлік түбі ынтымақта»
Саламыз жанды неге күн-түн отқа?
Əу баста алтын сандық – ел емес пе ек,
Алқаның сандықты ашар кілті жоқ па?
Ел қайда?
Аға қайда ақыл қосар?
Жең қайда?
Жаға қайда жақындасар?
Өз қамы,
Өз бағына ие болмай,
Азғаны ағайынның – Ақынға сор!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамға Ар – таразы əлімсақтан өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Адамға Ар – таразы əлімсақтан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамға Ар – таразы əлімсақтан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамға Ар – таразы əлімсақтан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері