Сағым жоқ

Бұл бетте «Сағым жоқ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2021
  • 0
  • 0
  • 824
Сағым жоқ,
Сарқанатты сағым ұшқан.
Көкжиек көзден көшкен, əрі ығысқан.
Жаз бен наз – жанға жалау жалт берген соң
Сыздайды жазған жүрек сағыныштан.
Сыздайды жазған жүрек түрмесінде,
Ыңырсып ызғарлы күз іргесінде.
Тарғыл түс, торғын көкті тастай қашып
Талтүстен барады ауып күн бесінге.
Салмағы əрі кетсе – жарты мысқал
Сағым жоқ, мизам да жоқ қалқып ұшқан.
...Илһам шақ қайта келер күн болар ма
Ішінде ақ төсектің алқынысқан?..
Əй, қайдам... буалдыр мұң, бұлдыр маңай,
Күлгін бұлт тыншымайды-ау Күнді ұрламай.
Шолпан да, Ай да, Үркер де... кеткен білем
Бір-бірлеп көзден ұшып, құрғырлар-ай...
Сағым жоқ,
Сағым орнын тұман басқан.
Ай жылжып,
Мезгіл ауып,
Күн алмасқан.
Ақ төсек, қызыл алау өрт ішінде
Қайран-ай, қайда күндер жұмарласқан?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағым жоқ өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сағым жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағым жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағым жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері