Қыран ескерткіші

Бұл бетте «Қыран ескерткіші» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1983
(Құлжа жолында)

Атағы шыққан ұранға,
Тағының белін сындырған —
Ескерткіш жасап қыранға
Мүсінші бір іс тындырған.
Зар шындық деген осы да,
Күрсінсең іштей — ол да Зар. —
Ескерткіш-қыран басына
Қонып жүр, бірақ, қарғалар.
Осыны көріп бас қатты,
Тағдырдың сыйы қатал-ақ.
Қыранның басын тастапты
Саңғырығымен саталап.
Қайтемін батпай мұң-зарға? —
Қарғалар ие — көгіме.
Тірлікте, сірә, мың қарға—
Жолап па еді оның шеніне!
Жоғалар еді-ау көп құсың,
Бұтадан іздеп деңгелін—
Қозғап бір қалса топшысын,
Жазып бір қалса шеңгелін...
Сондағы менің қайғым не? —
Жоқ, әлде,.. әлде, о, тірлік! —
Қыранды танытпай жүр ме
Қарғаға біткен — соқырлық?..
Аспанды жермен жалғаған,
Сырласқан еркін ғаламмен—
Қыранды таныта алмаған
Шеберге кінә тағам мен...
Сын айту саған не теңім? —
Мынаны ұқ, бірақ,
Мүсіншім:
Өлсе де қыран екенін,
Қарға да болса түсінсін!
Көргендер оны қалмасын
Таңқайқата боп тамсанбай.
Балға алу қолға —
арға сын,
Қара тастарға жан салмай!
...Жазылар Құлпытасымда,
Аманат етер Тұмар бұл:
Ескерткіш болып
Басымда
Шаңқылдап тұрсын Қыран-жыр!..

09.11.1981ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыран ескерткіші өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Қыран ескерткіші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыран ескерткіші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыран ескерткіші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері