Ініге – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Ініге» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3511
Дүниенің доғарып дөңгелегін,
Шабытымның қаңтарып кер дөненін.
Сезім - салғырт, ой - мимырт, сана - күңгірт,
Тартқан шақта демді үзіп, мен де өлемін.
Мен де өлемін, мен бірақ түнде өлемін.
Жылар бұлтты қымтанып жыр - желегім.
Орынымды сипалап қалады інім,
Сұм Ажалдың біле алмай бір дерегін.
Улағанда тіршілік - түрме шіріп,
Жату үшін арқайын бір көсіліп,
Бір жұлдыздың соңынан еремін де,
Түннен шығып, кетемін түнге сіңіп.
Ал таңертең зәрдектен біраз алған,
Сүйекшілер жүреді ұра қазған.
Інім келіп солардан жөн сұрайды,
Білмек болып бір дерек сұм ажалдан.
Кәсібіне тұрса да болмай құштар,
Бойларында кім ұққан қандай күш бар?
Көр қазу мен көмуді меңгергенмен,
Ажал жайлы не білсін, ол байғұстар?! 
Содан кейін кезіккен елден сұрар,
Айдан, күннен, тау мен көл, желден сұрар.
Сұрай жүріп, үмітін сынай жүріп,
Аға отырған өзі де төрден шығар.
Жабыспаса бір пәле көлденеңнен,
Қоштасамын аһ ұрып мен де өлеңмен.
Жұртты қойшы, ізіңді баса-тұғын,
Өлгеніңді інің кеп көрмеген жөн.
Көрмегенсін сенбейді өлгеніңе,
Алласының тәубе етер бергеніне.
Інімді ажал ізінен адастырып,
Мен жатамын оранып жөргегіме.
Інім, сөйтіп, өлімнен құр қалады,
Жар жалалы болмайды, жыр налалы.
Ол - ажалды таба алмай, ажал- оны,
Мәңгі өмірдің қауызы бүр жарады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ініге өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Ініге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ініге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ініге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері