Аслан-Арай – Қазыбек Маратұлы

Бұл бетте «Аслан-Арай» атты Қазыбек Маратұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аслан-Арай
Өзім сүйіп таңдадым Асланды, Сүйген жаным отбасын асырады. Сапар шегіп кеткенде отағасы, Арайың тез көргенше асығады.

Махаббаттың дәлелі қос ұлымыз, Ағайын-дос тілекке қосылыңыз. Бұл өмірдің аламан бәйгесінде, Азаматым қас тұлпардай жосылыңыз.

Он жыл толды шаңырақ көтергелі, Бірлесіп өмір сынын көтергені. Бақытты ғұмыр кешсе балалары, Ата-ана еңбегі өтелгені.

Адал жанға алла тек бақ береді, Адамға осы болар нақ керегі. Сыйластық, ырыс, дәулет біз тілесек, Мақсат, арман сол жолға ап келеді.

Ұшырып алмайықшы бағымызды, Ұрпақты өсірейік жаны ізгі. Жетпіс жыл бірге жасап, бір қартайып, Алтыннан соқтырайық тағымызды.

Маржан тастай жолына шашылайын, Еркелеп мойыныңа асылайын. Тілейтінім жаратқан иемізден, Аман жүрсін, тірегім Асланым.
06.08.2017жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аслан-Арай өлеңінің авторы кім?

Қазыбек Маратұлы — осы өлеңнің авторы.

Аслан-Арай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аслан-Арай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазыбек Маратұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аслан-Арай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар