Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 579
Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің,
Кешір, күнім, кеш те болса, ұғындым.
Барлық жанға түсіргім кеп сәулесін,
Жүрегімді қолыма ұстап жүгірдім...
Даусым жолда тасқа тиіп жоқ болар,
(Суық көздер ту сыртымнан оқталар).
Сөндіргендей үмітімді үрлеп бір,
Тәлкек етіп жүрегімді кетті олар.
Қайта жанған үміт қашан ақталар,
Ақталмаса алданумен шоқ болар.
Жиіркенем екі жүзді жандардан,
Атақ үшін, ақша үшін сатқан ар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезінбеппін ауырлығын жүгімнің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері