Көктемгі ән – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Көктемгі ән» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2188
Сол бір көктем - ең қымбат,
Жатқан еді көл жырлап.
Гүлді ырғап қарсы алған, көктемім,
Кетпедің, тым құрса, қол бұлғап.
Қайырмасы:
Көзімде жылдар жылап, күлді сағым,
Көгімде бабаурайды мұңды сарын.
Қайда?
Аямай ма?
Діл құсамын! —
Жаяды Айға Түн құшағын...
Бұл — жаңасы қай айдың? —
Шекке ақырғы таяймын.
Жоғалған пәк арман, әй-әй мұң,
Мен сені сағынам, аяймын.
Қайырмасы.
Сөнбей көзде соңғы үміт,
Тұрам қырда телміріп. —
Көкжиек — көгілдір орамал,
Кеткенше қолымнан жел жұлып!.
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемгі ән өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Көктемгі ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемгі ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемгі ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері