Біздің қыс – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Біздің қыс» атты Светқали Нұржан жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1664
Қазақтың қыры құйынды,
Қазақтың желі арқалы.
Қаққылап өтті үйімді,
"Қазағымның қара талқаны".
Кетіріп әбден шырқымды,
Күркіреп бұлттар шудалы,
Азуын қайрап шырпынды,
Қараша, қауыс туғалы.
Желтоқсан - желдің мекені,
Әйнекті аяз тұр тырнап.
Сасытып сасай текені,
"Ақ теке жетті бұрқылдап".
Бет тырнап тырдай бақ шулап,
Өзіңді өзің тану мұң.
Бөрі тіс таулар ақшулан,
Иесі "Тентек дәлудің".
Үтің де депті алжиын,
Не болса соны айтады кеп:
"Құт емес саған, ал, биыл,
Жұт бола салсам қайт еді!"-деп.
Долданып ақпан ақырды,
Тігілді маған қаһары.
Теңізді көкке сапырды,
"Ит балықтың кіндік қатары".
"Мен қалай аман қалдым?.."-деп,
Ызылдап ырғай еске алады.
"Бәрі де мұның қалжың!.."-деп,
Сыздана күлді "Бесқонақ".
"Қонақтың" жайы белгісіз,
Момын ба, әлде, обыр ма?
Жайылмай жалғыз енді, сіз,
Қосылғаныңыз жөн тобырға.
Күрдектен шыққан кәрі ана,
Салар-ды кеңес маған кеп:
"Көк мұзда туған тарана,
Отығып кетсе жарар!.."-деп.
Не дей қояйын мен демде,
Күрсіне берем қақырап.
Қағады дірдек кеудемде,
Үсіген жалғыз жапырақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің қыс өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Біздің қыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің қыс өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Біздің қыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері