Көкшетау – күз

Бұл бетте «Көкшетау – күз» атты Светқали Нұржан жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3007
Баянғали Әлімжанұлына

Көкшетау - кейде қарлы, кейде қарсыз,
Сексен қол мұз ерінді сөйледі әлсіз.
Тұнжырап көшеде отыр Ақан Сері,
Жәутеңдеп көп қарадым бейнеге әнсіз.
Сүйенген домбырасы жарағына,
Сыпаның әлі жаны жаралы ма?
Сәскенің шуағы еппен ерітеді,
Серінің қатқан қарын қабағына.
Ісімді жақтырмай тұр кекті мұжық,
Шен тисе бергісі бар бетті бұзып.
Сал Біржан "Адасқақты" шырқай беріп,
Дауысы мұз боп қатып кетті үзіліп.
Көкшенің көгін кіл жат өлең шарлап,
Осқырып кеңседе отыр көбең шардақ.
Көзіме қанша іздесем түспей қойды,
Жаяу сал, Балуан Шолақ деген шалдар.
Ақынның мүрдесі жоқ қорымында,
Қайтпай тұр жел батаға солығым да.
Мінбеде Мағжан шығар Қызыр2 отыр,
Сәкеннің Көкен3 қалған орынында.
Қалмапты салда қайрат, серіде айбат,
Қанаты көтерем қудың өлі байрақ.
"Көкшетау — жер жұмағы" демеуші ме еді,
Жұмақты алған екен пері жайлап.
Тұра тұр, бұралқы жел, желіп үрмей,
Теріскей тірілгенмен, өлі – күнгей.
Мүсіндер көшедегі тастап қашқан,
Мысалы, Періштенің кебініндей.
Хақ — Алла! Азаттықты биікке бер,
Қалмасын мәңгі жетім сүйікті өнер.
Кебінін шешіп кеткен көп періште,
Бір күні кебенегін киіп келер!
"Көкшетау - кейде малсыз, кейде қарлы"
Соны айтып күбірлейді Бейне Зарлы.
"Көзіңе қарап жүр, деп, соқтығыспай!.."
Сар шашты, көк бет қайың сөйлеп алды.
Қазақтың қолды болған тауы сурет,
Сен - салдан, мен - қайқыдан ауысып ек.
Шертетін шерлері көп шешен — сақау,
Әншінің дабысы бар, дауысы жоқ.
Тап келіп Өлі араға ай шықпаған,
Мұңайып Маңғыстауға қайтып барам.
"Ай аман туғай, - дедім, - Оқжетпестей,
Алаштың Ақ Күмбезін айшықтаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкшетау – күз өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Көкшетау – күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкшетау – күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көкшетау – күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері