Қасыңа

Бұл бетте «Қасыңа» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1053
Қасыңа
ғашықтығын
жасыра алмай, сiрә, асықты Күн.
Тұрғанмен сансыз жұлдыз арасында,
ажарын Айдың дағы басыпты мұң.
Ей, гүлiм,
қасiреттi
қайғы-мұң көк аспанды басыр еттi.
Алыстан жөңкiп келген қара бұлт та
көз жасын сағыныштан шашып өттi.
Жондағы,
қырқадағы
ән дағы атыңды атап шырқалады.
Түнерген бұлттың сырып шымылдығын,
найзағай дидарыңа бiр қарады.
Жасқадың
неге менi,
қастарың елестетiп селебенi?
Үрiмдей үлбiреген ерiнiңнен
тұрақсыз желiк қуған жел өбедi!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасыңа өлеңінің авторы кім?

Байбота Қошым-Ноғай — осы өлеңнің авторы.

Қасыңа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасыңа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Байбота Қошым-Ноғай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасыңа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері