Ахау, қызғыш – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ахау, қызғыш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2959
Ендеше қара батыр, қара батыр,
Туылған көптен жалғыз дара батыр.
Қарашы сипап тұрып кер құласын,
Аяғын, жал-құйрығын тарап жатыр.

Ахау, қызғыш,
Көңіл бұзғыш,
Отырса қасында бір қыз
Қымыз құйғыш.

Деген соң бабылады, бабылады,
Бәйгеге жүйрік айғыр шабылады.
Жылқыдан жақын жерде дүбір шықса,
Тынысы шын жүйріктің тарылады.

Ахау, қызғыш,
Көңіл бұзғыш,
Отырса қасында бір қыз
Қымыз құйғыш.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері