Ахау, иғай, қоңыржай

Бұл бетте «Ахау, иғай, қоңыржай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2353
Ойлап тұрсаң дүние шолақ екен-ау,
Бір-біріне адамдар қонақ екен-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Нешеу болсаң бір үйде сыйласып өт-ау,
Бұл өмірдің қызығы сол-ақ екен-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Келсең, қалқам, дәм тартып
Кегеніме-ау,
Қарсы алармын шығып ап белеңіне-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Көмекейде бұлбұлдың ұясы бар-ау,
Қандырармын әнім мен өлеңіме-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Түйе сұлу көрінер тайлағымен-ау,
Жолдас болма, қалқажан, қайдағымен-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Өз ауылы әркімнің Мысып шаһар-ау,
Болсын аман ауылың аймағымен-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ахау, иғай, қоңыржай өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Ахау, иғай, қоңыржай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ахау, иғай, қоңыржай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ахау, иғай, қоңыржай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері