Жиырма жыл көрмегенмiн – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жиырма жыл көрмегенмiн» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Жиырма жыл көрмегенмiн,
көрмегенмiн,
Қалайша тiрi қалғам, өлмегенмiн.
Көзiңе,
ерiнiңе,
әуезiңе,
Өлердей болып жаным,
шөлдегенмiн,
Алдыңда тұрмын мiне, өлмегенмiн.
Мұңды қосқан аяулы гүл есiмге,
Алғашқы кездескен кез жүр есiмде.
Жағаға шығып қалған
балықтаймын,
Мен сенi көрмеген күн, бiлесiң бе?
Жасымда ширығатын,
шыңдалатын,
Жаным-ау әдет таптым мұңданатын.
Қамал алар қырықта
дәрменсiз қап,
Халге де жеттiм бiлем жынданатын.
Өзгемен шығып кеткен басына ерте,
Махаббат таңғажайып жасыл өлке.
Мәңгiлiк бала бейнең
елес болып,
Өмiрден мен де өтермiн асыл ерке...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиырма жыл көрмегенмiн өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Жиырма жыл көрмегенмiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиырма жыл көрмегенмiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиырма жыл көрмегенмiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері