Бұл бетте «Ақынды іздеу» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Басынан өткерген бұл алай заман,
қазақтың ертеңіне қарайлаған.
Ұлтымның ұлылығын ұлықтаған
айналдым аруағыңнан, Абай бабам!
Тірліктің тереңіне сан бойлаған,
адалдық, имандылық, ар ойлаған.
Мәңгілік өлмейтұғын арысымсың,
Аллаһ жар аруағыңа, Абай бабам!
Сырыңның тұнығына қарайды адам,
жырыңнан нұрланады бар айналам.
Әлемді мойындатқан данышпаным,
бақұл бол, біртуарым, Абай бабам!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі