Жайнайтын жазда гүлi мен белесi талдан – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Жайнайтын жазда гүлi мен белесi талдан» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.09.2021
  • 0
  • 0
  • 535
Жайнайтын жазда гүлi мен белесi талдан,
Өлкеде мына қалқамның елесi қалған.
Бұл пәни менi қоспады сол қызыменен,
Қосады сөзсiз бар болса келесi жалған.
Қояны қойдай өлке бұл,
түлкiсi арлан,
Бұлақтарында сол қыздың күлкiсi қалған.
Таулар қоршаған ауылға күйеу бала боп,
Бiз емес, алыс Алтайдан бiр кiсi барған...
Сол бiр аруды сүйiп те,
сүйiп те сүйдiм,
Елес боп өттiң алдымнан,
Күйiкте күйдiм.
Терiс ағатын өзенге көз жасым тамып,
Махаббат мәңгi екенiн биiкте бiлдiм.
Қай белден болсын шықпайды,
жыл сайын дарын,
Өртейдi менi шiлдедей,
күн сайын жалын.
Өзенi терiс ағатын киелi өлке,
Гүлiңдi сүйген бiлшi сен, бiр шайыр барын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жайнайтын жазда гүлi мен белесi талдан өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Жайнайтын жазда гүлi мен белесi талдан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жайнайтын жазда гүлi мен белесi талдан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жайнайтын жазда гүлi мен белесi талдан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері