Бұл бетте «Құмыра» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Туған жердің құмына,
Арнаған сан сапарды.
Тапты бала құмыра,
Мектебіне апарды.
Сол құмыра табылған,
Жіберілді қалаға.
Алғыс айтып, ғалымдар,
Хат жолдады балаға:
«Рақмет саған, балақан,
Іс атқардың бағалы.
Ұлан-байтақ, кең Отан,
Құпиясы мол әлі.
Құмыраңнан сенің де,
Көп мәлімет алынды.
Қазып алған жеріңде,
Қала болған кәдімгі.
Аты Отырар делінді,
Көп еді үйлер ... көшелер.
Туып-өскен жеріңді,
Жақсы біліп өсе бер».
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі