Ұқсас екен бәрі де

Бұл бетте «Ұқсас екен бәрі де» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Зеңгір аспан құшаққа ап,
Күледі Күн нұр құйған.
Қос қанатты ұшақ та
Аумай қалған қырғидан.

Шырқап шыққан шығанға,
Тікұшаққа қарашы.
Инеліктен бұған да
Бір ұқсастық табасың.

Жазда жаңбыр жаумаған,
Есіңе алшы аптапты.
Парашюттен аумаған
Көресің көп бақбақты.

Болсаң егер байыпты,
Сен суретші боласың.
Ал сүңгуір қайықты
Балық па деп қаласың.

Бұл ғажапқа мен мүлде,
Таңырқаймын әлі де.
Назар салсаң
Көрдің бе,
Тым-тым ұқсас бәрі де...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұқсас екен бәрі де өлеңінің авторы кім?

Байбота Қошым-Ноғай — осы өлеңнің авторы.

Ұқсас екен бәрі де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұқсас екен бәрі де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Байбота Қошым-Ноғай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұқсас екен бәрі де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері