Мұнара туралы ой – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Мұнара туралы ой» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2311
Ғабит Мүсіреповке

Түркістанның аспанында тұңғиық
Жерге балқып түсетіндей күн күйіп.
Сардалада ыстық сағым көтерген
Хожа Ахмет мұнарасы тым биік.
О, мұнара, ой саласың сен маған,
Ұлы ескерткіш әлдеқашан орнаған,
Қайран өнер, қайталанбас шын өнер
Ғасырлардың қанатында самғаған.
Сенен ұшқыр, сенен мәңгі кім болмақ,
Тұрсың асқақ көз сиқырлап, ой арбап.
Бұл далаға құдіретті таланттар
Талай келіп-кеткендігін баяндап.
Адамдар көп талпынатын жоқты іздеп,
Өнбес іспен өз өмірін өткізбек.
Өкінеді ол «өнерпаздың аты мен
Бояуының түрін тапқан жоқпыз!» деп.
Табылар ма жердегі жоқ ғарыштан,
Оралар ма жайлауына жан ұшқан,
Таптырар ма, тағы қайта келер ме
Бір-ақ туып, бір-ақ өлген данышпан!
Тұрмын бұл сәт өзіме өзім өкпелеп,
Мен мезгілді тоқтата алман өтпе деп.
Сендей ғажап мұнараның кірпіші
Болу үшін қанша қайрат, от керек!
Жолдар, жолдар, көп ашылған жол алдан,
Бәрі саған, бәрі сүйіп оралған.
Мұнаралар, мұнаралар жердегі
Бір кірпішің болсам менде жоқ арман!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұнара туралы ой өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Мұнара туралы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұнара туралы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұнара туралы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері