Кәмшат қыз

Бұл бетте «Кәмшат қыз» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.11.2015
  • 0
  • 6
  • 26374
Кермиық Кәмшат қыздың көрдік көркін,
Қондырған шекесіне құндыз бөркін.
Секілді алтайы түлкі сылаң қағып,
Шеніне келтірмейді-ау емін-еркін!

Қырандай қияннан-ақ ілер едім,
Қырқада қызыл жүзін бұрса бертін.
Шаң жұқпас шашасына саңлақ едім,
Сан жерде шаршы төске самғап едім.

Жұртшыдай жұрт торымай, алысқа ұшып,
Алатын тоятымды таңдап едім.
Айдынның ақ шортанын жібермейтін,
Жасымнан жаза баспас қармақ едім.

Болғанмен сыртым қораш, ішім сұлу,
Сол ғана тұла бойға берген жылу.
Ажары бет пен іштің бірдей емес,
Керек-ау, Кәмшат, соны пайым қылу!

Солмай ма көктемдегі әдемі гүл,
Оңбай ма арудағы алқызыл түр?
Еңкейіп, екіндіге күн құласа,
Көріксіз көрінбей ме дүние бір?!

Осының бәрі мысал ойлағанға,
Кәмшат қыз, ойлан, ойланба, оны өзің біл.
Көңілге келіп бір сөз қалғаннан соң,
Тынар ма айтып өтпей қу қызыл тіл!

Сыртың бір сұлу жан екен
Сыпайы көзге көрінген.
Сыр-мінезің бар екен
Сөйлесуге ерінген.

Қамқа қамзол киініп,
Қас-қабағың керілген.
Қарапайым адамнан
Менсінбеген, жерінген

Жұбайыңды есіттім
Таңдап тапқан еліңнен.
Өзі қарау, тарыншақ
Хас Қарымбай делінген.

Салғаныңды көрермін ,
Соған барып серуен.
Сөйлесермін оралып,
Сонда, Кәмшат, сенімен!


Пікірлер (6)

Акзер

Коп рахмет

балғын

Өлең тамаша бірақ түсініксізз

Бекарыс

Басқа өлеңдер неге шығармайсыңдар

асыл

олен толык емес

Алтя

пайдалы керемет

Алтя

Бекарыс, сайта не көп, өлең көп қой, өлеңдер бөліміне өтсең толып тұр, немесе автордың атын бассаң ақынның өлеідері ашылады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәмшат қыз өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Кәмшат қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәмшат қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәмшат қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері