Сыздыққа

Бұл бетте «Сыздыққа» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5207
Сәлем бердім, алдияр,
Орын бердің қасыңнан.
Сен бір қалған көз едің
Кенесары асылдан.
Сыздық атың жайылды
Бұл өңірге жасыңнан;
Айбатыңды көргенде,
Дұшпандарың бас ұрған.
Даңқыңды естіп жүрушем,
Шар-тарапқа шашылған.
Ақ жүзіңді көрген соң
Енді мауқым басылған.
Ауылға жүр қонақ бол,
Атан алып, ат мініп,
Ағайынға беріп қол,
Аттанарсыз Сыдеке.
Ата жолы деген сол!
Арнап келіп алғаның
Алтын жүзік, сар-қасқа ер,
Атаңыздың аруағын
Сыйлайды екен бір тайпы ел.
Екеуінің қалғаны
Он бір жыра деген жер,
Оны да айтты ағайын,
Іштен шықты қайғы-шер.
Атаның не арманы
Іздеп келіп артынан,
Бата қылса сіздей ер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыздыққа өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Сыздыққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыздыққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жамбыл Жабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыздыққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері