Рухың мәңгі гүлдер, сен Бәйтерек! – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Рухың мәңгі гүлдер, сен Бәйтерек!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 748
Беу, дүние, опасы жоқ пәни жалған
Айырылдық қазақ халқы, қандай нардан!
Алыптың ӨЗТҮРІКТЕЙ еңбегімен,
Әлемге қазақ деген атың барған.
Арыстан сұсты, айбарлы, жүректім-ай
Ақ алмас құрыш дене білектім-ай.
Қабанбай бабасындай халқым деген,
Ел қамы ойлағаны өр тілектім-ай.
Қапыда көз жұмдың-ау қайран ерім,
Кең ойлап, мол пішетін кемеңгерім.
Бір сырлы, сегіз қырлы қабілетім,
Сан соғып, есеңгіреп қалды-ау елің.
Ғайыптан тап болып ең ажал қайдан!
Ұстаз боп ұланыма қанат жайған
Тұлғаға тұғыр болар жалғастырып,
Дәстүрді мирас қалған Қабанбайдан.
Амал не, ажал тандап келеді дейді,
Халқыңның ерек өзің деген бейілі.
Сен салған үлгі медеу көңілдерге,
Мектебің өсіп әлі кемелдейді.
Тарихың, таңдандырар өмірің бар,
Тағдырың айта қалар көңіл бұрар.
Жазылар саған арнап талай дастан,
Оятып ой-санасын ұрпаққа ұнар.
Ғибрат бар Алла ісіне тоқтау керек,
Рухың мәңгі гүлдер, сен Бәйтерек.
Жаннатта болып жаның артындағы
Ұрпақты аруағың жүрсін жебеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рухың мәңгі гүлдер, сен Бәйтерек! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Рухың мәңгі гүлдер, сен Бәйтерек! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Рухың мәңгі гүлдер, сен Бәйтерек! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рухың мәңгі гүлдер, сен Бәйтерек! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері