Сіз бен біз – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Сіз бен біз» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 2002
Тағы бір жаз жалт етіп көзден ұшты,
Күзден көріп күрсіндік өзгерісті.
Жапырағы жұлынған жадау талдай
Жалғай алмай біз жүрміз сөз бен істі.
Тағы еске алам күз келіп, көктемімді,
Мен өткізгім келмейді текке өмірді —
Жадау талдың жел жыртқан жүрегіндей,
Жалғай алмай ертең мен өткенімді.
Тағы кірді шаһарға күз ентелеп,
Бүрісуге әзірміз біз ертерек.
Тамырына нәр жетпей cуық жерден,
Жапырағын жай ғана үзер терек.
Сөзіміздей желге ұшқан жетпей елге,
Жапырақтар жайраған көкте-жерде.
Өткен күн мен ісіңде нәр болмаса,
Мына өмірге бола ма өкпелеуге?!
Мына өмірге бола ма кіжінуге?!
(Көк жүзінде тырна-мұң тізілуде).
Кейін көктер бүршікке орын беріп,
Жазған жапырақ жабырқау үзілуде.
Тағы да күз... томсарып, тұр ойланып,
Бұлт қоштасар жазымен жылай налып.
Мен-ақ үнсіз кетер ем өмір бойы —
Жастық қайта оралса жыл айналып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сіз бен біз өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Сіз бен біз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сіз бен біз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сіз бен біз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері