Жезқазған. 1997 – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Жезқазған. 1997» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 747
Қош енді, қала, көшеңді кезем соңғы рет,
Қара тас тұғыр-көсемді көрем соңғы рет.
Жанары жаздың тамшыға тұнар мөлдіреп,
Қолында достың бал-сыра тұрар мөлдіреп.
Тілегін соңғы тауысып, аһ ұрар ол жүдеп.
Қош енді, қала, кеселді-кесір көктем бұл,
Көшейін елге қауышып қамшыл көппен-дүр.
Кеудемді кезіп көксеу, мұң, кешу, кептер-жыр,
Кеңгірдің ерке толқыны сынды көктеңбіл,
Жанымды менің жатсынбай ұғар тек Кеңгір.
Қош, енді қала, көк түтін туың желкілдеп,
Шығарып салдың ұлыңның емдеп дертін көп.
Жұртыма қарап жылағым келеді еңкілдеп,
Өксімесең де серіңді сертшіл сен тілдеп,
Жоқтарсың ертең кеткенде Кеңгір көл кірлеп.
Қош енді, қала, ортайды жастық қырманы,
Еңкейді от Күн төбемде ұзақ тұрмады.
Қызарып батқан Күнді орап түннің құндағы,
Жездінің көгін жезтырнақ-ымырт тырнады.
Қош енді, қала, өкініш екен бұл-дағы...
13.04.1998.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жезқазған. 1997 өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Жезқазған. 1997 өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жезқазған. 1997 өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жезқазған. 1997 өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері