Мен бұлтпын үнсіз сырғыған – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Мен бұлтпын үнсіз сырғыған» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1119
Мен бұлтпын үнсіз сырғыған
Адамзат шөлінің үстімен,
Абылдың көрінің үстімен.
Қабылдың күнәсін шыжғырған
Тәңірдің шоғының үстімен.
Мен бұлтпын тұтасқан зілмауыр,
Қорғасын қайғы бар кеудемде,
Шемен бар сірескен шерменде.
Соңымнан ілесіп сұр дауыл,
Дертіме бір дауа бермеуде.
Мен — бұлтпын!
Жай тілсе жонымды
қападан түнерген түтігіп,
күркіреп, долданған құтырып.
Тірлікте таба алмай жоғымды,
Түнекке барамын жұтылып.
Мен — бұлтпын...
Жанымды ұғар кім,
теңселіп қашанғы шыдармын!
Төгем бір көзімнің көл жасын,
Суырылар кеудемнен қорғасын.
Уындай шер кетіп жыланның,
Өксіп бір өкіріп жылармын:
Нұр төгіп пенделер шөліне,
гүл өріп Абылдың көріне,
сейілер тұтасқан мың күнәм.
...Мен бұлтпын үнсіз сырғыған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен бұлтпын үнсіз сырғыған өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Мен бұлтпын үнсіз сырғыған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен бұлтпын үнсіз сырғыған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен бұлтпын үнсіз сырғыған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері