Елес – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Елес» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 772
Кеше түнде айрылмас бір дос таптым:
Аты — Елес,
заты — Сендік сағыныш.
Мұнартады мұңлы түсті қоштап түн,
Біз бейбақта — бағыныс.
Мен әуелде-ақ жауласқан ем сезіммен:
Оты — Елес,
зады — мені мазақтау.
Бірақ, неге ыршыған жас көзімнен
Бар күлкіден ғажаптау?!
Біз бұрыннан бетке тұтқан бағдар ғой:
Аты — Елес,
заты — Үміт ғаламат.
Сенен мүлде талақ болып қалған ғой,
Мені тапса сағалап.
Досым, бірақ, түнде ғана келеді,
Қаймыға сәл, қара түнді жамыла.
Сынық сыңсып құшағыма енеді,
Күрсінеді қамыға.
Одан артық дос жоқ енді мен үшін,
Жабықтырмас, жалғыздықта жүдетпес.
Іңір түсе, күтем жұмбақ келісін,
Түн тылсымын тілеп кеш.
Ертең Сен де дос табарсың дәл сондай,
Аты — Елес,
затын байқап, көр қалпын.
Қамықтырма құшақ жайып қарсы алмай,
Мен болармын ол, бәлкім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елес өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Елес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері