Есіңді қашан жиясың

Бұл бетте «Есіңді қашан жиясың» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Сүзіліп көзі,
Күрмеліп сөзі,
Толқиды елтіп, теңселіп,
Жойылып буы,
Жайылып уы,
Билепті бойын еңсеріп,
Көрдіңіз бе ұсқынын,
Жабулы тайлақ сұстының.
Тантырап тасып,
Тәлтірек басып...
Алға аттап, кейін жығылып,
Теректі сүзіп,
«Тұмсығын бұзып
Қойды» деп оны ұғынып,
Төбелесті терекпен
Жетесіз сорлы желөкпең.
Құлқынын тыймай
Арақты қимай.
Беріліп соған риясыз...
Азайып досы,
Тігілмей қосы...
Ағарды шашы ұясыз.
Құлқынды қашан тыясың?
Есіңді қашан жиясың?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есіңді қашан жиясың өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Есіңді қашан жиясың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есіңді қашан жиясың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есіңді қашан жиясың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері