Қайдан пана табам? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қайдан пана табам?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 681
Желдiң iшiне кiрiп барып ем
Жел менi қағаздай қиқалап
Жырта бастады;
Ормандарға тығылып ем –
Ағаш деп ойлады ма? –
Балта мен аралар
Қырқа бастады.
Далама тығылып ем,
Далам менiң –
Жүрмесiн дедi ме! –
Жолдарын матадай
Орап жатты.
Тауларға тығылып ем
Таулар төбеме
Тастарын допша домалатты.
Теңiздерге тығылып ем
Теңiздiң толқындары
Кеудемнен бiр тептi.
Адамдарға тығылып ем
Адамдар басымнан –
Бұрқыратып! –
Күл төктi.
Қайдан пана табам?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайдан пана табам? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қайдан пана табам? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайдан пана табам? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайдан пана табам? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері