Қант диабеті

Бұл бетте «Қант диабеті» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 731
Не пәле деп
Кейде өзімді
Жерлеп тұрам.
Жерлемей қайтейін,
Құйған
Жаңбыр астында да,
Көл-көсір
Судың ішінде де—
Қаталап! –
Шөлдеп тұрам.
Шөлім қанбайды!
Апыр-ай,
Көбігі тасып жатқан
Жез түсті, жел мінезді
Сыраларымды
Кеспек-кеспегімен
Бөшке-бөшкесімен
Ішкім келеді!—
Сыраға
Кеңірдектен келіп
Бөшкедей боп
Іскім келеді.
Шіркін-ай,
Атағымды осымен
Мәңгілік қалдырсам ғой:
Алдымда көл жатып,
Өзім түйеге айналып,
Күн-түні сораптап
Шөлімді бір
Қандырсам ғой.
(Арман ғой бұл).
Бүгінде
Жақыным да,
Жан-жарым да,
Дәрігерлер де
Ем-домын жасап
Дамыл алмайды.
Әурешілік! –
Өйткені менің
Тірлікке деген
Өлеңімнің де,
Өмірімнің де
Бәрі бір
Шөлі қанбайды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қант диабеті өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қант диабеті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қант диабеті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қант диабеті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері