Жол қиылысы

Бұл бетте «Жол қиылысы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 707
Жол жатса өзендердiң құйылысындай
құйғыса —
жылдамдықтар құйғысын да...
төрт жаққа төрт тарам боп тарқатылып,
төрт жақтан төрт тарам боп түйiлетiн
түседi қанша тағдыр қилы сынға,
жолдардың қиылысында.
Орнынан жылдамдықты жұлып ұшқан
бар мұнда сан қатерлi құбылыстар.
Абайла,
абайла сен,
абайла тек
бар мүнда иiндер мен бұрылыстар.
Ей, шофер,
жылдамдыққа қызба қанi,
елiрiп ережеңдi бұзба қанi...
... Әлдекiм әлдекiмге айқай салып,
әлдекiм күреңiтiп сызданады.
Жатқандай түнде мұнда жұлдыз ағып.
Дегендей шектен шықса тұрғызалық
қарайды светофор жан-жағына,
көздерi бiр көгерiп,
бiр қызарып.
Жанымнан бiр машина жалап өтiп,
мен тұрмын өзiмдi өзiм алаң етiп,
жылдамдық,
абайла сен,
дәл алдыңда
барады ана кетiп,
бала кетiп!
Сендер де, ей, адамдар, әр күнiңнiң
жолдарын табамын деп сан жүгiрдiң,
үстiнде жүрегiңнiң жататұғын,
мың тарау қиылысы бар тағдырыңның.
Жол жатса өзендердiң құйылысындай,
Құйғыса — жылдамдықтар кұйғысын да..
Сан жаққа
сан тарам боп тарқатылып,
сан жақтан
сан тарам боп түйiлетiн,
түседi қанша тағдыр қилы сынға
жолдардың қиылысында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жол қиылысы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жол қиылысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жол қиылысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жол қиылысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері