Ендi не болды? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ендi не болды?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 734
Жалына қол тимеген,
Мойнына бұғау түспеген
Тарпаң едiм.
Құмырсқадай қыбырлап,
Үнi шықпай сыбырлап
Кiшiрейiп келсе –
Жауыма да! –
Дарқан едiм.
Қапалансам –
Тұңғиыққа
Батырып жiбердiм.
Қаhарлансам –
Теңiзiңнiң өзiн
Сапырып жiбердiм.
Мейiрiмiм
Қара темiрдi балқытып,
Қара тасыңды идiрдi.
Аптабым –
Жер түгiл –
Судағы балықты күйдiрдi.
Ендi не болды?
Аптығым басылып қалды.
Шаттығым таусылып қалды.
Қазiр мен –
Тұяғы жарылған
Тұлпармын.
Мүйiзi сынған құлжа,
Қанаты сынған
Сұңқармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ендi не болды? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ендi не болды? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ендi не болды? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ендi не болды? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері