Дауыл – Қасым Аманжолов

Бұл бетте «Дауыл» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 0
  • 22644
Ышқына соққан дауылға
Құмартушы ем жасымда.
Нөсерлеп құйған жауында
Қызығушы ем жасынға.
Жүгіруші ем жарысып
Сарыарқаның желімен.
Ойнаушы еді алысып
Соққан дауыл менімен...
«Дауыл! Дауыл!» дегенге,
Шықтық үйден дүркіреп.
Аспан тұрды төбемде
Аласұрып, күркіреп.
Дүние сол кез дүрілдеп,
Келе жатты бір дауыл.
Түндіктері желпілдеп,
Күтіп тұрды жарлы ауыл.
Шыр айналды шаңырақ,
Сықырлады сырғауыл.
Бұрқырады бар аймақ,
Соқты ышқына көк дауыл.
Көшті дауыл керуені,
Ілестім де мен кеттім.
Көк дауылдай кеуделі
Жігіт болдым, ер жеттім.
Мен дауылдың ұлымын,
Тұра алмаймын дауылсыз.
Қарсы алуға дайынмын,
Соқса да дауыл дамылсыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл өлеңінің авторы кім?

Қасым Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Дауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасым Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері