Кім бізде кәміл мұсылман? – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Кім бізде кәміл мұсылман?» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Абайша «кәміл мұсылман» –
Қатарда еңбек адамы.
Қарапайым ысылған,
Қара тер әрбір қадамы.
Мен де бір «кәміл мұсылман»,
Жезқазғанда кен қазған.
Ар жолында қысылман,
Сөз кені – өлең мен жазған.
Соғыс жылдар мал бағып,
Жұмыстың буын ұшырған.
Соқа айдаған зар қағып,
Құрдастарым мұсылман.
Майданда да, елде де
Жанкешті күшін ұсынған.
Малшынған қайғы-шерге де
Ата-анам менің мұсылман.
Көшпелі қауым көрді азап,
Отарлық шегіп қысылған.
Бодандық көштен ысырған,
Бүгінгі дербес бар қазақ –
Кіршіксіз «кәміл мұсылман».

21.10.2005


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім бізде кәміл мұсылман? өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Кім бізде кәміл мұсылман? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім бізде кәміл мұсылман? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім бізде кәміл мұсылман? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері