Әншілік өнерінің құлагері – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Әншілік өнерінің құлагері» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.11.2021
  • 0
  • 0
  • 754
(Қайрат Байбосыновқа)

Қайратжан, айналайын асыл інім,
Жаңғырттың бар қазаққа ғасыр үнін.
Аққу­-қаз айдын көлде саңқылындай,
Сұлу саз, әсем әннің ғашығымын.
Қырандай қос қанаты үдемелі,
Даусыңнан өріс тапты қыр өлеңі.
Қалың ел есіміңді білді, Қайрат,
Басыңа бақыт құсы түнегелі.
Ән салсаң жақындайды аспан бері,
Алатау тоқтай қалар аққан селі.
Оянар шырт ұйқыдан алғыс айтып,
Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Ақан сері.
Ой жатыр терең толғау мәнісінде,
Сен айтқан айналады ән мүсінге.
Бір сипап қара мұртты бебеулетсең,
Елестер Сәкен ағам «Тау ішінде».
Домбыраң ақ үкісін желкілдеткен,
Тынысың «Сырғақтыға» еркін жеткен.
Шырқасаң «Жамбас сипар», «Гәккулетіп»,
Қыздардың қақтың талай бөркін көктен.
Кең сарай әу дегенде селк етеді,
Жан толқып, қам көңілден шер кетеді.
Адамды жас баладай елжіретіп,
Қоңыр ән балқұндақта тербетеді.
Мергендей тапқан тәсіл түлкі аулауын,
Құлшынттың екі ішектен үн самғауын.
Жүректі тесіп өткен асау ырғақ,
Қойғызар құдашаның қиқаңдауын.
Сал­-сері бабалардың мұрагері,
Өзіңсің барша қазақ бұлан ері.
Өжетсің қызған сайын өршеленер,
Әншілік өнерінің Құлагері.

23.05.2000.
Алматы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әншілік өнерінің құлагері өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Әншілік өнерінің құлагері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әншілік өнерінің құлагері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әншілік өнерінің құлагері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері